Астана қаласы «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК-да «Асқазан обыры» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарда Көпсалалы медицина орталығының хирургия №2 бөлімшесінің меңгерушісі С.Жақыпбеков Астана қаласының емхана дәрігерлеріне онкологтарға, маммологтарға, учаскелік терапевтерге және ЖТД, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және жауапкершілігі шектеулі ұйымдардың мамандарына , фельдшерлерге дәріс оқыды . Семинарға 48 қызметкерлер қатысты.








