2024 жылғы 22-қаңтарда 15-00 де Астана қаласы әкімдігінің №10 қалалық емханасы ШЖҚ МКҚК да «Жатыр мойыны обыры» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарда Көпсалалы медицина орталығының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі –онкогинеколог М. Макишев осы тақырыбқа дәріс берді Бұл семинарға емхананың 38 қызметкері қатысты .
2023 жылдың 11 желтоқсанда сағат 11-00 де Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ММК-да №2 хирургия бөлімшесінің онкохирургі Е.Карагизов онколог дәрігерлерге, терапевтерлерге тағы басқа мамандарға дәріс жүргізді.Дәріс тақырыбы: 1.Асказан обыры 2.Ұйқы безінің обыры 3. Бауыр обыры. Қатысқандар саны – 90 адам.
2023 жылғы 10 желтоқсанда сағат 9-00 - ден 13-00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК асқазан, ұйқы безі және бауыр обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өткізілді . Көпсалалы медицина орталығының жетекші мамандары онкохирургтар қабылдады.
Астана қаласының тұрғындары тегін тексеруге шақырылды, яғни медициналық көрсеткіштер бойынша ультрадыбысты қабылдау және тексеру жүргізілді.
Кеңес алған науқастар саны – 40 адам.Олардың ішінде алғаш рет : басқа ауру - 2 .Зерттеулер : ультрадыбыстық зерттеу -37.
Астана қаласы әкімдігінің «Онкологтар мен радиологтар Альянсы» қоғамдық бірлестігі және «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК 2023 жылғы 23-24 қарашада «Заманауи онкологияның инновациялары және жетістіктері, өзекті мәселелері туралы» тақырыбында халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция офлайн-онлайн режимінде өткізілгені туралы хабарлайды.
Конференция бағдарламасы онкологиялық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, молекулярлық - генетикалық зерттеулердің мүмкіндіктерін қамтыды, анестезиология және реанимация, кеуде және іш хирургиясы, онкоурология, заманауи операциялық эндоскопия, паллиативтік көмек, паллиативтік пациенттерге анальгезия бойынша тренинг бойынша 5 шеберлік - класс өткізілді, сондай-ақ «Мейіргер ісі» секциясы болды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны 2023 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Петухова, ҚР онкологтар қауымдастығының Президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазОРҒЗИ АҚ басқармасының төрайымы м. ғ. д., профессор Президенті ҚР ҰҒА академигі Д.Қайдарова, Академик Ж.Хамзабаев атындағы «Астана медицина университеті» АҚ Радиоология кафедрасының құрметті меңгерушісі, ПМ академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Р.Рахымжанова, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. Досмурзаева, Онкологтар және радиологтар Альянсының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері, Астана қаласы әкімдігінің Көпсалалы медицина орталығының директоры М. Тулеутаев ашты.
ҚР, Астана қ., Алматы ауданы, Манас к-сі, 17.
dummyАнықтама: 56-04-21
dummyТіркеу бөлімі: 95-40-33, 95-40-34
dummyonkoastana@mail.ru; mmc.nur-sultan@mail.ru