18 шілде күні «Аланда» қонақүйінде OncoJournal Club аясында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны Көпсалалы медициналық орталық ұйымдастырды. Кездесуде онколог-дәрігерлер, химиотерапевтер, радиотерапевтер және басқа да мамандар кәсіби тәжірибе алмасып, еркін пікір алмасты.
Жиынның тақырыбы:
Эндометрий обырын диагностикалау мен емдеудегі стратификация – заманауи онкогинекологиядағы ең өзекті әрі клиникалық тұрғыдан күрделі мәселелердің бірі.
Спикерлер:
- Мәкішев Мейрам Ержанович, гинекология бөлімінің меңгерушісі – эндометрий обырын диагностикалау бойынша баяндама жасады.
- Алдиярова Айзада Ермекбайқызы, химиотерапевт дәрігер – молекулалық классификацияның клиникалық маңызы туралы баяндады.
- Есмағамбетова Эльмира Айдосқызы, радиациялық онколог – сәулелік терапиядағы заманауи тәсілдермен бөлісті.
Бағдарлама аясында:
- клиникалық жағдайларды талқылау,
- кәсіби дискуссиялар,
- әртүрлі бағыттағы мамандар арасында еркін қарым-қатынас,
- кәсіби және коммуникативтік дағдыларды дамыту орын алды.
Клуб кураторы:
Құрманов Талғат Аманжолұлы, жоғары санатты онкоуролог, PhD.
Мұндай кездесулер дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттырып, жаңа білімді тәжірибеге енгізуге және онкогинекологияда мультидисциплинарлық тәсілді дамытуға ықпал етеді.



