Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған вебинар өтті. Тақырыбы – ұйқы безі обыры.
Спикер – Муса С.С.. Ол аурудың пайда болу себептері, алғашқы белгілері, диагностика әдістері және қазіргі емдеу мүмкіндіктері туралы баяндады. Сондай-ақ профилактиканың маңызы мен дәрігерге дер кезінде қаралу қажеттілігі атап өтілді.
Мұндай вебинарлар пациенттердің хабардарлығын арттыруға және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді.
Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған вебинар өтті. Вебинар тақырыбы – асқазан обыры.
Спикер ретінде №2 хирургия бөлімінің абдоминалды онкология бойынша меңгерушісі – Жақыпбеков С.Т. сөз сөйледі.
Маман аурудың қауіп факторлары мен алғашқы белгілері, қазіргі диагностикалық және емдеу тәсілдері, сондай-ақ ерте анықтаудың маңызы туралы әңгімеледі. Профилактика мәселесіне және пациенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің “Қазақстан Республикасында онкологиялық қызметті дамытудың бағыттарын бекіту туралы және 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспарының шараларын жүзеге асыру бойынша
Жол картасы” бұйрығын жүзеге асыру мақсатында ,өкпе обыры,,қуық асты обыры,ұйқы без обыры туралы хабарларболу айлығының шеңберінде өлім-жетімді төмендету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Көпсалалы медицина орталығы МКК онкохирург дәрігерлердің қатысуымен 23 қарашада сағат 09.00-13.00 дейін қауіп факторы туралы ақпараттандыруды арттыру,өкпе,қуық асты,ұйқы безі обырының алдын алу және бастапқы диагностикасы бойынша Ашық есік күнін өткізеді.Ерте диагностика және алдын алуға тексеру ТЕГІН! Астана қаласы,Манаса 17 көшесі,Көпсалалы медицина орталығының емханасы
Қосымша сұрақтарыңыз болса төмендегі номерге хабарласыңыз: 954033, 87788700168

ҚР, Астана қ., Алматы ауданы, Манас к-сі, 17.
dummyАнықтама: 56-04-21
dummyТіркеу бөлімі: 95-40-33, 95-40-34
dummyonkoastana@mail.ru; mmc.nur-sultan@mail.ru