Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған вебинар өтті. Тақырыбы – ұйқы безі обыры.
Спикер – Муса С.С.. Ол аурудың пайда болу себептері, алғашқы белгілері, диагностика әдістері және қазіргі емдеу мүмкіндіктері туралы баяндады. Сондай-ақ профилактиканың маңызы мен дәрігерге дер кезінде қаралу қажеттілігі атап өтілді.
Мұндай вебинарлар пациенттердің хабардарлығын арттыруға және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді.

