Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған вебинар өтті. Вебинар тақырыбы – асқазан обыры.
Спикер ретінде №2 хирургия бөлімінің абдоминалды онкология бойынша меңгерушісі – Жақыпбеков С.Т. сөз сөйледі.
Маман аурудың қауіп факторлары мен алғашқы белгілері, қазіргі диагностикалық және емдеу тәсілдері, сондай-ақ ерте анықтаудың маңызы туралы әңгімеледі. Профилактика мәселесіне және пациенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді.

