Біздің орталықтың жаңалықтары

OncoJournal Club: эндометрий обырын диагностикалау мен емдеудегі стратификация

18 шілде күні «Аланда» қонақүйінде OncoJournal Club аясында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны Көпсалалы медициналық орталық ұйымдастырды. Кездесуде онколог-дәрігерлер, химиотерапевтер, радиотерапевтер және басқа да мамандар кәсіби тәжірибе алмасып, еркін пікір алмасты.

Жиынның тақырыбы:
Эндометрий обырын диагностикалау мен емдеудегі стратификация – заманауи онкогинекологиядағы ең өзекті әрі клиникалық тұрғыдан күрделі мәселелердің бірі.

Спикерлер:

  • Мәкішев Мейрам Ержанович, гинекология бөлімінің меңгерушісі – эндометрий обырын диагностикалау бойынша баяндама жасады.
  • Алдиярова Айзада Ермекбайқызы, химиотерапевт дәрігер – молекулалық классификацияның клиникалық маңызы туралы баяндады.
  • Есмағамбетова Эльмира Айдосқызы, радиациялық онколог – сәулелік терапиядағы заманауи тәсілдермен бөлісті.

Бағдарлама аясында:

  • клиникалық жағдайларды талқылау,
  • кәсіби дискуссиялар,
  • әртүрлі бағыттағы мамандар арасында еркін қарым-қатынас,
  • кәсіби және коммуникативтік дағдыларды дамыту орын алды.

Клуб кураторы:
Құрманов Талғат Аманжолұлы, жоғары санатты онкоуролог, PhD.

Мұндай кездесулер дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттырып, жаңа білімді тәжірибеге енгізуге және онкогинекологияда мультидисциплинарлық тәсілді дамытуға ықпал етеді.

© Copyright 2026. MMC-Astana

Please publish modules in offcanvas position.