Астана қаласының аумағында азаматтық қорғау саласында 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған оқу және жаттығулар өткізу жоспарына» сәйкес, ағымдағы жылдың 31 мамырында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК-да (бұдан әрі – Орталық) «Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ауыстыруды Орталықтың басшы құрамымен пысықтау мақсатында штабтық жаттығу өткізілді.
Штабтық жаттығуды өткізу тәртібі:
- Азаматтық қорғаудың дайындық ережесін енгізу кезінде «Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» іс-шараларын орындау, нәтижесінде АҚ жүйесінің бейбіт және соғыс уақытындағы тапсырмаларды орындауға дайындығы артады (шартты түрде);
- Халықты қорғауды арттыратын және соғыс уақытында (шартты түрде) міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін «Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғауға әзірлік дәрежесін енгізу кезінде іс-шараларды орындау;
- Азаматтық қорғауға дайындық дәрежесін енгізу кезінде «Жалпы дайындық» іс-шараларын орындау, соғыс уақытына арналған АҚ жоспарын толық көлемде қолданысқа енгізу: АҚ-ға соғыс уақытында (шартты түрде) жүктелген барлық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жоспарларда көзделген іс-шараларды (эвакуациялаудан басқа) ұйымдастыру және өткізу.
Штабтық жаттығуға Орталықтың медициналық құрамасындағы аға, орта және кіші медицина қызметкерлері, сонымен қатар әкімшілік-шаруашылық қызметтің мамандары жұмылдырылды.