Алдын алу және ерте анықтау
жұмсақ тіндердің саркомасы және сүйек саркомасы
Қүрметті Астана қаласының тұрғындары !
Халықтың хабардарлығын арттыру айлығы аясында 2024 жылғы 13 мамырда сағат 9-00 ден 13-00 ге дейін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК жетекші мамандардың қатысуымен жұмсақ тіндердің саркомасы және сүйек саркомасын ерте анықтау бойынша «Ашық есік» күні Манаса 17 көшесінде өткізіледі.
Келесі белгілерге назар аударыңыз:
- сүйек ісігі айналасындағы жұмсақ тіндердің ісінуі;
- ісік орнында температураның жергілікті жоғарылауы;
- ісіктің қатты ауыруы;
- көзге көрінетін ісіктің дамуы;
- ауырсынудың пайда болуы.
- Ісік үстіндегі терінің түсі өзгеріп, ойық жаралар пайда болуы мүмкін;
- Өзіңізді тез шаршап, өте әлсіз сезінесіз және жеткілікті ұйықтай алмайсыз;
Қала тұрғындары тегін кеңес ала алады және медициналық көрсеткіштер бойынша Ультрадыбыстық анықтау,онкоцитология тексерістерінен өтеді.
Мекен жайымыз ; Астана қаласы,Манаса көшесі 17,104 кабинет.
Қосымша ақпаратты төмендегі номерлер арқылы біле аласыздар -95-40-33 ,87788700168.