Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған «Ауыз қуысының обыры» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды онколог дәрігер Югай Виктория Юрьевна жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар мыналар жайлы мәлімет алды:
- ауыз қуысының обырына әкелетін қауіп факторлары,
- ерте белгілер мен алғашқы симптомдар,
- заманауи диагностика және емдеу әдістері,
- профилактиканың және тұрақты дәрігерлік тексерулердің маңызы.
Осындай шаралар пациенттердің хабардарлығын арттырып, ауруды ерте кезеңде анықтауға және дер кезінде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.


