Стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары, жоғары санатты онкоуролог Курманов Талғат Аманжолұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін медициналық қызметтер туралы баяндама жасады.
Ол өз сөзінде атап өтті:
- МӘМС азаматтарға онкологиялық ауруларды алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу қызметтерін ұсынады;
- пациенттерге заманауи емдеу әдістерін жеңілдікпен алу мүмкіндігі беріледі;
- жүйе жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттырып, отбасылардың қаржылық жүктемесін азайтады.
МӘМС мүмкіндіктерін дұрыс түсіну және пайдалану дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге, сондай-ақ пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.


