Біздің орталықтың жаңалықтары

Клиникалық жағдайларды талқылауға арналған тұрақты онлайн-кеңестер

Астана қаласының Көпсалалы медициналық орталығы КазНИИОиР-мен бірлесіп клиникалық жағдайларды талқылауға арналған тұрақты онлайн-кеңестерді өткізеді.

Талқылауға қатысушылар:

  • Оразбеков Бақтыбай Сейітқадырович – емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары;
  • Қозғамбаева Ләззат Таласпайқызы – менеджмент және сапа жөніндегі директордың орынбасары;
  • Жүсіпова Бақыт Табулатовна – химиотерапиялық қызметтің жетекшісі;
  • химиотерапевт-дәрігерлер.

Әрбір пациенттің жағдайы жан-жақты қаралып, жеке және тиімді емдеу тәсілі анықталады.

Кеңестер Zoom платформасында өтеді, оған еліміздің өңірлерінен және шетелден жетекші мамандар қатысады.

Біздің мақсатымыз – кәсіби, ашық және үйлесімді жұмыс істеу арқылы әр пациентке тиімді шешім ұсыну.

© Copyright 2026. MMC-Astana

Please publish modules in offcanvas position.