Көпсалалы медициналық орталықта пациенттерге арналған ағартушылық вебинар өтті. Тақырыбы – асқазан обырының қауіп факторлары.
Спикер – Құралбаев Жанибек Ермекұлы. Ол аурудың даму себептері, тұқым қуалаушылық пен мінез-құлық факторлары, тамақтану мен өмір салтының асқазан обырына әсері туралы кеңінен баяндады.
Вебинар барысында мына мәселелер қарастырылды:
- ауруға бейім халық топтары;
- асқазанның созылмалы ауруларының (гастрит, ойық жара, Helicobacter pylori инфекциясы) рөлі;
- зиянды әдеттер мен дұрыс емес тамақтанудың әсері;
- ауруды ерте анықтауда профилактикалық тексерулердің маңызы.
Іс-шара пациенттердің хабардарлығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.


