2025 жылғы 1 тамызда Көпсалалы медициналық орталықта ашық есік күні өтеді. Іс-шараның тақырыбы – өкпе обырының алдын алу және ерте анықтау.
⏰ Уақыты: 09:00–13:00
? Өтетін орны: Астана қ., Көпсалалы медициналық орталық
Барлық қалаушыларға онколог мамандардың тегін консультациясынан өту, алдын алу жөнінде кеңестер алу және өкпе обырын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерімен танысу мүмкіндігі беріледі.
Денсаулығыңызға қамқор болыңыз – ашық есік күніне келіңіз!


