Дүние жүзілік сүт безінің обырының алдын алу айлық аясында 2024 жылғы 19 қазанда сағат 9-00 - ден 13-00-ге дейін Астана қаласы «Көпсалалы медицина орталығы»ШЖҚ МКК-да сүт безі обырын ерте диагностикалау бойынша «Ашық есік» күні өткізіледі . Көпсалалы медициналық орталықтың жетекші онкомаммолог мамандары қабылдайды.
Егер төмендегі белгілердің кем дегенде 2-3-уі сақталса, онда дәрігермен кеңесу керек :
- Терінің өзгеруі немесе кеуде терісінің тартылуы;
- Ойық жаралар, омырау ұшының немесе сүт безінің түсінің өзгеруі;
- Сүт безінің немесе кеуде терісінің қалыңдауы;
- сүт безі ұшынан омырау сүтінен сұйықтық бөліну;
- Сүт безі ұшының ауыруы немесе омыраудың тартылуы;
- Сүт бездерінің бірінің көлемінің кішіреюі;
- Қолтық асты аймағында ісіктің (ұлғайған лимфа түйіндерінің) пайда болуы.
Астана қаласының әйел қауымын тексеруге шақырамыз яғни , медициналық көрсеткіштер бойынша онкоцитологияға ультрадыбысты қабылдау және тексеру жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Манас көшесі 17, кабинеттер :201, 417,418
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады : 95-40-33, 87788700168.