Халықаралық онкологиялық ауруға қарсы Ашық есік күні!
2023 жылғы 4 ақпанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК –да, Халықаралық онкологиялық ауруға қарсы күрес бойынша тегін онкологтардың қабылдауы өткізіледі.
Әрбір адам онкологтың, маммологтың кеңесін ала алады, қосымша тексерулер тағайындалады, медициналық себептер бойынша онкоцитология және ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Манас көшесі 17, кабинет-101, 104, 416, 418
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 95-40-33, 95-40-34