Хабарландыру 04.03.2022 ж.

  1. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "көпбейінді медициналық орталық" МКК, Нұр-сұлтан Қ., Манас к-сі, 17
  2. Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары (саудалық атауы - жеке төзбеушілік жағдайында), Сауда маркасы мен өндіруші көрсетілмеген медициналық бұйымдардың (бұдан әрі - тауар) атаулары және олардың қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бойынша сатып алу үшін бөлінген сома осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.
  3. Жеткізу мерзімі мен шарттары осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген.
  4. Құжаттарды тапсыру (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: Нұр-сұлтан қаласы, Манас көшесі 17, 6 қабат, Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 12 сағат 30 минуттан 26.02.2022 ж. 12 сағат 30 минутқа дейін 10.03.2022 ж. Жұмыс тәртібі 08 сағат 30 минуттан 17 сағат 30 минутқа дейін демалыс және мереке күндерін және түскі үзілісті қоспағанда 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін.
  5. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны: конверттерді ашу 10.03.2022 ж. сағат 14.15-те, Нұр-сұлтан қаласы, Манас көшесі, 17, 6-қабат, Мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша өтеді.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтиды.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының талаптарын сақтай отырып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытындылар хаттамасын жасайды, оған мыналар кіреді:

1) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;

2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;

3) сатып алу шартын жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

4) Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы көрсетіледі.

Хаттама Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады (www.mmc-nur-sultan.kz ).

Тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы бұл туралы хабардар ететін ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайларда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес баға ұсынысы мен құжаттары ұсынылған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осындай әлеуетті өнім берушіні сатып алудың жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

Баға ұсыныстары болмаған кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.

Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Кенесов Р.Ж., Мемлекеттік сатып алу бөлімінің заңгері, тел: +7-7172-95-40-35; эл.мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Қосымшаны жүктеу....